Алтай Көлгінов елордалықтарды Конституция күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астаналықтар мен қала қонақтарын Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата заңымыз — еліміздің барлық жетістіктерінің бастауы, тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі егемендігіміздің тірегі. Еліміздегі ең маңызды құжат құқығымызды қорғап, тең өмір сүруімізді қамтамасыз етіп, құндылықтарымызды айқындайды.

Осыдан 24 жыл бұрын қабылданған Конституциямыздың арқасында елімізде тұрақ­тылық, бейбітшілік пен келісім қалыптасты.

Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», — делінген құттықтауда.

Оцените статью
Добавить комментарий

"24 -." , ., , 050012 . , 280 405
info@alb24.kz
+7 (705) 374-66-44